Жарасқан ақын рухымен сырласу – Жаңбырбай Әсел Жанболатқызы

Бұл бетте «Жарасқан ақын рухымен сырласу» атты Жаңбырбай Әсел Жанболатқызы жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Бақытын тауып өлеңнен,
Құрметіне елдің бөленген.
Ғаламат күшті көрем мен,
Сіздегі тылсым әлемнен.
Эпиграммаға жол ашқан,
Атыңыз асты Алаштан.
Әдебиеттің жауһары,
Әбдірашұлы Жарасқан!
Сіз туған текті Аралдың,
Топырағынан менде жаралдым.
Жасындай жырдан сіз жазған,
Жасымнан жаттап нәр алдым.
Қаламыңызбен қарымды,
Басқардыңыз "жұлдыз", "жалынды".
Тоқсаныншы жылдары " Тамаша"
Қазаққа әбден танылды.
Ерінбей еңбек еттіңіз,
Ел үшін терді төктіңіз.
"Ақбұлақтай" алқынып,
Арманыңызға жеттіңіз.
Құпияға толы жалғанда
"Құлпытас" жазып кеттіңіз!


Пікірлер (1)

Модератор

Авторы өзім деген жазуды басу керек.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарасқан ақын рухымен сырласу өлеңінің авторы кім?

Жаңбырбай Әсел Жанболатқызы — осы өлеңнің авторы.

Жарасқан ақын рухымен сырласу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарасқан ақын рухымен сырласу өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жарасқан ақын рухымен сырласу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар