Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік – тірегім

Көзіме бүгін жас келіп тұр, халайық,
Әрбір істі зердеге алып қарайық.
Тәуелсіздік жолына жан пида еткен,
Ерлерімізді есімізге алайық.

Жүрмейікші жүнжіп босқа түнеріп,
Еске алайық, есімдерін білелік.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ,
Алмайықшы екі қолдан жіберіп.

Жиырмадағы жалындаған жасында,
Қаншама жас азап шекті расында.
Желтоқсанның ызғары өтіп кеудеден,
Қарсы тұрды Колбин қосқан қосынға.

Соны ойласам елжірейді жүрегім,
Өздері өліп, қорғап қалды Ұлы елін.
Желбіресін көк байрағы халқымның,
Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегім.



Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - деген жазуды басу керек (жазудың үстіне). Қаламды басып өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер