Баяны жоқ көшпелі бақ
- 0
- 0
Баяны жоқ көшпелі бақ
Кімді мәңгі еткен тұрақ!
Алла мейірін төкпесе егер
Ала аларсың кімнен сұрап.
Бұл бетте «Біріңе қазақ» атты Қуандық Жолтай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Баяны жоқ көшпелі бақ
Кімді мәңгі еткен тұрақ!
Алла мейірін төкпесе егер
Ала аларсың кімнен сұрап.
Өз малым түгел,
Өзгелерің мейлің қоңыз тер.
Деген тәрізді
Басы ауырмастан келіп көр.
Еститұғының қашанда бірлік-береке,
Ұйыған соған мызғымас болып дәнекер.
Сауданың бәсін дәл тауып айтқан мақалдап,
Қайран аңқау ел ұжмақты әлі дәмет...
Әйелдің мүшкіл халі көзге ұрады.
Мүсіркеп үлкен-кіші сөз қылады.
Әрекет етер деген оны ұғып,
Бітелген биліктілер көз-құлағы.
Бауырым, сен менімен байқап «ойна»
Әркімнің өз мың қойы жүреді ойда.
Болғанмен мансап көзі көк аспанда,
Жер басып жүргеніңді сезбей қойма.
Абай айтқан жұмбақтың бірі менмін,
Өзің білші, келмесе бұған сенгің.
Жұмбақ сырын ашатын «ұлылықтың»
Өзі жұмбаққа айналар мұны білгін.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі