Өлең, жыр, ақындар

М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайға берген әке тәрбиесінің негізінде жатқан тұлғалық қасиеттері

Әкесі қой баға білмегеннің –
Баласы қозы баға алмайды.
Абайды Абай еткен Мұхтар,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дегендей,

Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайға әке тәрбиесінде жасырын жатқан тұлғалық қасиеттері қандай! Абайдың әкесі Құнанбайдың тәрбиесі не себепті қатыгез де, қатал болды деген сан түрлі сұрақтар кез-келген оқырман ойын сан-саққа баурап алары анық. Біз де осы тақырып барысында сыныптастарымызбен ұзақ уақыт пікірталас өткізген болатынбыз. Сол пікірталас барысында менің байқағаным, Абайға берілген Құнанбайдың тәрбиесін көптеген оқушылар қатыгез, қатал, әделетсіз деп көп сынға алды. Неге? Не себепті? Қодар мен Қамқаның өлімінен бе? Әлде әділетсіз әкенің өз қызы Кәмшатты татулықтың құны ретінде Бөжейге сыйлауы ма? Осы тұста пікір екіге бөлінді. Абайдай ұлды дүниеге келтірген Құнанбай қалайша озбыр, жаман әке болуы мүмкін? Қазақтың бас ақыны, Абай атамыз тарихта ойып орнын қалдырған Құнанбай мен Ұлжан анамыздың қаны мен жанынан нәр алған ұл емес пе?

Құнанбай аса дәулетті бай, биліктің саясындағы ауыл болысы болды. Құнанбай өз баласы Абайды билікке тартты, ел ісіне араласқанын қалады. Ол өз баласының ақын, жазушы болғанына түбегейлі қарсылық танытты. Абай жастайынан зерек болып, әжесі Зеренің ертегілерінен сусындап өсті, анасы Ұлжанның жұмсақ мінезіндегі құндылықтарды да, әкесі Құнанбайдың әділ әрі қатал тәрбиесін де көрді. Абай билік өкілі болуды қаламады, ол ақындық жолдың жолаушысы болуды көздеді.

Менің ойымша, Құнанбайдың Абайға берген тәрбиесі орынды әрі жөнді. Құнанбай болыс болды, Абайды билік басына шақырды, онысы дұрыс. Неге? Бұрын қалай болды? Қазір де дәл солай. Қазіргі таңда да билік басындағы шенеуніктеріміз де өз балаларын, өз туыстарын билік басына тартатыны белгілі және оны көріп те жүрміз. Көптеген оқырмандар, оқушылар Құнанбайдың Қодар мен Қамқаны аса айуандықпен өлтіртілгенін көп саралайды, әділетсіздік деп санайды. Шындығында олай емес. Сол кездегі заң солай болды., өліс жазасына кесілді, қаза тапты. Бұл ісі Құнанбайдың халық алдында, билік алдында әділеттілігін паш етті және солай жасауға мәжбүр болды. Қазір, біздің заманымызда, елімізде заңдар жинағында өлім жазасы атымен жоқ, мүмкін, болғанда заң өкілдеріміз Құнанбайдың әділеттілігін қайталауы да ғажап емес. Бүгінде балалар, жасөспірімдер неге Құнанбайдың қаталдығын әділетсіздік деп санайды?

Себебі, бұл ХХІ ғасыр – әйел мен ер теңдігі қалыптасқан, кез-келген бала еркіндікте, әке тәрбиесі тым қатал емес. Сондықтан да жас жеткіншектеріміз Құнанбайдың Абайға деген қатал тәрбиесіне селқос және жеңіл оймен қарайды деп есептеймін. Мен елімізде Құнанбайдай әкелеріміздің болғанын қалаймын және де осындай әкелер қазіргі қоғамда еліміздің отыз елдің қатарына ену үшін өз үлесін қосатын қайсар да қайратты жастар тәрбиелеуге керек екендігін үлкен қаріптермен айтқым келеді. Сөз соңында өз ойымды мына өлең шумақтарымен дәйектеп қорытқым келеді:

Ұшқыр ой мен ақыл керек адамға,
Тәрбиемен сусындайды балаң да!
Абайымдай ұлым болсын десеңіз
Құнанбайдай әке керек заманға!

Гүлмира Абдрейм



Пікірлер (1)

Модератор

Ілмектер үтір арқылы қойылады!

Өлеңдер бөліміне емес "мақала қосу" деп енгізу керек еді(егер өлең болмаса).

Сайысқа автордың өзі қатысуы керек!

Пікір қалдырыңыз

Журналист

  • 0
  • 0

Сұхбаттасам адам мен,
Тілдік қорды байытам,
Сөздеріммен дәлелдеп,
Журналист болам мен ертең.

Толық

Ө

  • 0
  • 1

Ggcgc

Толық

Наурыз

  • 0
  • 1

Қыста кетті қинап,
Көктем келді жайнап.
Наурыз тойын тойлап,
Балалар жүр ойнап.

Толық

Қарап көріңіз