Өлең, жыр, ақындар

Жүрегімнен өшпес мәңгі өр тұлғаң

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Өр тұлғалы, өжет мінез, ер қайсар,
Жыр таусылмас өзің жайлы біз айтар.
Батырлыққа толы әрбір ісіңді,
Үлгі етеді, бүгінгі ұрпақ, біз жастар.

Әрқашанда әділдікті жақтаған,
Алаяқ пен сұмдарды ол даттаған.
Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтанға,
Қарсы тұрып, мадақтау жыр айтпаған.

Рухшыл ағам әрбір ісің өнеге,
Елін, жерін қастерлейтін ерлерге.
Ереуіл атқа ер салған сен ер едің,
Қан мен жаның садаға болды еліңе.

Халқының мұңын қосқан өлеңге,
Мамыражай болса екен жерімде.
Шөбі шүйгін қазақ жерін қастерлеп,
Арманы еді ел қондыру Еділге.

Орындалды арман, жеттік тәуелсіздікке,
Көтерілді көк туым қазір көкке.
Махамбет салған дара жол таңдауымыз,
Жетелейді, жігер сыйлап бізді ерлікке.

Елім үшін аянбаймын жан құрбан,
Ізбен келем өзің ойып жол салған.
Мың қазаққа бас болған дана бабам,
Жүрегімнен өшпес мәңгі өр тұлғаң.


Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді де басып жіберсеңіз (жазудың үстіне басу керек).
Қаламды басып өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегімнен өшпес мәңгі өр тұлғаң өлеңінің авторы кім?

Алданияз Мирас — осы өлеңнің авторы.

Жүрегімнен өшпес мәңгі өр тұлғаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жүрегімнен өшпес мәңгі өр тұлғаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алданияз Мирас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегімнен өшпес мәңгі өр тұлғаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері