Түн – Болатхан Ақжүніс

Бұл бетте «Түн» атты Болатхан Ақжүніс жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жұлдызды аспан, тыныштық, түнгі салқын,
Ақ бұлттар да жылдам жылжып барады тым.
Бұлттар озып кеткенімен жарық Айды,
Сұлулуығын басып озбас қара түннің.

Түннің сәні бермесе де Ай жылулық
Ұйықтап жатыр барлық тірі жан тынығып.
Қажеті жоқ қорқудың қараңғы деп,
Қара түнде бар өзіндік бір сұлулық.

Жымыңдайды түнгі аспан шырақтары,
Олар жайлы көп қой менің сұрақтарым.
Тілеп едім мен бір тілек, естір ме екен,
Ағып бара жатқан жұлдыз жырақтағы?

Жұлдыз да түннің сәні, байлығы да,
Қолым жетсе әперер ем барлығыңа.
Бұл шырақтар арқау болған түнді сүйгіш
Ақындардың не бір ғажап жырларына.


Пікірлер (1)

Модератор

Авторы өзім дегенді басу керек.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн өлеңінің авторы кім?

Болатхан Ақжүніс — осы өлеңнің авторы.

Түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Болатхан Ақжүніс өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар