Өлең, жыр, ақындар

Өмір - қымбатсың маған!

Өмір - қымбатсың маған!

Осы ғаламда өмірден қымбат, өмірден маңызды нәрсе бар ма? Әрине жоқ. Шынын айтқанда біз үшін өмірдің мәні зор.
Өмір – өмір деген не? Өмірді біз қалай түсінеміз? Бұл сұрақтар көпшілігін мазалайды деп ойлаймын. Менің ойымша, өмір деген бақыттың шын көзі, қуаныш айнасы. Кез келген адам өмірдің мәнін аса түсіне қоймайды. Яғни сол айнаға үміт толы мөлдір көздермен қарамайды.Тіпті адамдар өмірдің тек байлық, ақша, мансап немесе жақсы өмір сүру деп ойлап қателеседі. Менің ойымша бәріміздің өміріміз бір жұмбақ. Қалай дейсіз бе? Өмір бізді сынау үшін бізге күтпеген кезімізде алдымызға бір кедергі немесе тосын-сый әкеледі. Міне, мен осыны “өмір сабағы” деп түсінемін. Біздің, өмірдің әрдайым жақсы бола алмайтындығын түсінуіміз керек. Қашан да қарасақ күнделікті тұрмыста бір жақсы, бір жаман жаңалықтар естіп жүрміз. Бұл, өмірдегі қиыншылықтар мен қуаныштың арасындағы байланысты баяндап тұр. Өмір қамшының сабындай қысқа. Кейде кейбір қателіктерімізді түзетуге, тіпті дұрыстап ойлануға да мұрша бермейді. Ол жанармайы таусылса, толтырып жүре беретін көлік емес, ұнамаса шешіп тастайтын көйлек те емес, ол қайтып келмейтін зымыраған уақыт. Яғни уақыт ешкімді күтіп тұрмайды. Сол себептен өз өмірімізді тиімді өткізейік. Өмірдің мәнін тек қана кітап оқып түсіну мүмкін емес. Ол үшін ең бірінші сол өмірдің бір бөлшегі болу керек. Бұл, бір ағаштың бір бұтағы секілді.
Алайда өз қазынамыз, өміріміз бәрі өз қолдарымызда. Не етсек бәрі өмір үшін, не етсек бәрі бақыт үшін. Ал ең бастысы не білесіздер ма? Ең бастысы тағдырымыздан сабақ алып ешқашанда өмірден үмітімізді үзбей, басты мақсатымызға жету. Мұқағали Мақатаев өзінің «Шыда, шыда...» өлеңінде айтқандай,
«Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып хақың бар жүгіруге» - деді емес пе? Кім біледі, мүмкін осы жолдың жақындарында өмірдің ләззаты жатқан шығар…



Пікірлер (1)

Модератор

Өлеңдер бөліміне емес "мақала қосу" деп енгізу керек (егер өлең болмаса).

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз