Ауыл. Іңір – Назира Бердалы

Бұл бетте «Ауыл. Іңір» атты Назира Бердалы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.02.2020
  • 0
  • 0
  • 2481
Ауыл. Іңір. Беймаза шақ – естегі
Азан-қазан мал қайтқанда төстегі.
Дала аспаны, түн алдында түнерген
Қызылбауыр бұлттары бар көшпелі...
Санамдағы сол суретті сарғайтқан
Алматының алтындалған кештері.
Көкте жұлдыз, жерде жұлдыз, жұлдыз – маң,
Көше күлкі, тарап жатқан мың қыздан.
Кереметін көп көресің қаланың
Айлы түнде кемпірқосақ туғызған.
Жыр болып жас, тамшы болып күй ақты,
Сәнқой қала самаладай сый апты.
Шам жарығы, Ай жарығы, әйтеуір
Алматыда түн болмайтын сияқты.
Көктем-көңіл күздің күйін кешкенде
Ерке шақтар шығып кеткен естен де.
Шырағданның жарығымен
ешкім ертек айтпайды
Ұзақ, ұзақ кештерде...
Ертектен соң тәтті-тәтті түс көріп,
Тыншығанда бар әлем
Шөп үстіне шығып алып, үйіп қойған маямен,
Жанарыммен жұлдыздарды санар ем.
Қолым созсам жететіндей көрінген
Аңқау аспан, өзіңмен бір қалар ем,
Мәңгі бірге қалар ем...Әттең?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауыл. Іңір өлеңінің авторы кім?

Назира Бердалы — осы өлеңнің авторы.

Ауыл. Іңір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауыл. Іңір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Назира Бердалы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауыл. Іңір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар