Жиырма бір жаста мен – Назира Бердалы

Бұл бетте «Жиырма бір жаста мен» атты Назира Бердалы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.02.2020
  • 0
  • 0
  • 2185
«Дүниені өзгертемін деп едім,
Жиырма бір жаста мен»...
Г.Салықбай

Кешкі сегіз. Ескі Арбаттың көшесін
Кезіп келем. Он тоғызы наурыздың.
Сезімімнің бүгіні мен кешесін
Өлшейтұғын аспандағы жалғыз Күн.
Жанарыма сыйып кеткен көктемді
Парағыңа сурет қылып салғыздым.
Көздерімде мөлтілдеген әлемдей
Әйгіленсе жақұт шықтың керегі
Осы өмірге өле ғашық өлеңдей...
Бұл көктемнен бақыт күткім келеді.
Ерте оянған ерке мұңым,
Тез кеткін!...
Өз-өзімнен, айтшы, қалай безбекпін?
Дүрсілдеген ақынға тән жүрекпен
Дүниені келіп-ақ тұр өзгерткім.
Өзгермеген қала маған өкпелі,
Көк аспанның жасаурауда жанары.
Біздерге ортақ жиырма бірдің көктемі
Бұлдыр-бұлдыр жолға сіңіп барады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиырма бір жаста мен өлеңінің авторы кім?

Назира Бердалы — осы өлеңнің авторы.

Жиырма бір жаста мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жиырма бір жаста мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Назира Бердалы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жиырма бір жаста мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері