Қаралы сұлу – Назира Бердалы

Бұл бетте «Қаралы сұлу» атты Назира Бердалы жазған жоқтау өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.02.2020
  • 0
  • 0
  • 2424
Қара түн, бәлкім, қаралы сұлу құсалы?
Қара көз жабық, айқара ашық құшағы.
Қараңғыдағы соқыр көбелек жалпылдап,
Жарыққа қарай ұшады.
Қаралы сұлу көзінен
Тама алмай қалған жас ұқтық.
Күнәлі ме екен көбелек,
Қойса егер тағдыр асық қып?
Көбелек – жүрек...
Бұл әлде бір заңы ма екен өмірдің:
Біреудің бағы,
Біреудің соры ғашықтық...
Тілгілеп жатыр жүректі
түсінбес тілді түн алмас
Әкетер, болса, тілекті,
ал одан басқа түк алмас.
Қаралы сұлу қайғыдан
қарс айырар да кеудесін,
Соқыр көбелек...
бәрібір жарықсыз өмір сүре алмас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаралы сұлу өлеңінің авторы кім?

Назира Бердалы — осы өлеңнің авторы.

Қаралы сұлу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаралы сұлу өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жоқтау өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қаралы сұлу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері