Сыршыл самал сылқылдап сілемге салды

Бұл бетте «Сыршыл самал сылқылдап сілемге салды» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 704
Сыршыл самал сылқылдап сілемге салды,
Қақпа тастардың сумаңдап дөдөгесінде.
Ақшүлен таудан сескеніп, бөгелесің бе?
Ақ-ару бұлттың желкілдер желегі есімде,
Серпілтші бір ұшырып түгелдей шаңды.
Кіл қапастан апаршы шырайға мені,
Жасанып қалсам мөлдіреп қарашықтардай.
Жайтаңдап жүрсем нөпірден дара шыққандай.
Керемет болар, сәулешім, қарашы қандай.
Риза едім жаратқан құдайға тегі.
Айналсам шын мөп-мөлдір тұма-бастауға,
Су ішер келіп киелі киік, бұландар.
Пәктігім сондай періштем, сүйіп, құлаңдар.
Кеудемде бірақ қара шер, күйік күмән бар.
Болмас сірә ал, бұған құлақ аспауға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыршыл самал сылқылдап сілемге салды өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Сыршыл самал сылқылдап сілемге салды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыршыл самал сылқылдап сілемге салды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыршыл самал сылқылдап сілемге салды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері