Ақ нөсер – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Ақ нөсер» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.02.2021
  • 0
  • 0
  • 990
Мамыр түні.
Көктің исі
Аңқыған,
Көк жүзінде
Ай жүзеді шалқыған.
Ақ қайыңдар ақ періште секілді,
... Құшағымда сен отырдың балқыған.
Оттай демің жүзім шарпып...
Мастандым,
Жаңаша бір дәуренім боп басталдың.
Көкшулан түн, әппақ ару – Ақзер қыз,
Айы да – өзің, Күні де – өзің аспанның. Бір де жұлдыз көрінбейді заңғардан,
Самал есті бой сергітіп аңғардан.
Күлкің қалды сыңғырлаған бұлақта,
... Орындалса жарар еді таңғы арман.
Ақ қайыңдар ерке желмен тербелді,
Көңіл шіркін, асқақ әнмен зерленді.
Босаңсыдық, деміміз де жиілеп,
Екеуміз де
малтыға искеп ерменді.
Сыбдырларға ұласады сыбырың,
Жұмақ күнге жалғасқандай ғұмырым.
Қос аққуға
айдындағы
айналдық,
Бірге татып сезімдердің шырынын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ нөсер өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақ нөсер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ нөсер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ нөсер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері