Саксафоншы – Назира Бердалы

Бұл бетте «Саксафоншы» атты Назира Бердалы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.02.2020
  • 0
  • 0
  • 1891
Тілсіз жылап өмірге ғашық әні,
Тәкаппар мұң табанға басылады.
Тиын тастап үлгермей тақияға,
Тағдырлылар...әр жаққа асығады.
Жалқы ғұмыр, жалқы жан, жалғыз әлем
Қолдан келсе, басқаша ән салғызар ем...
Қаланың қайғысына куә болып,
Жер астында сыңсиды жалғыз әуен.
Жалғыз әуен...
Жоғалған сенім бүгін
Жылыта алмай әуреде темір Күнін.
Саксафоннан сыңсыған сенің мұңың –
Сәуле таппай сенделген менің күйім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саксафоншы өлеңінің авторы кім?

Назира Бердалы — осы өлеңнің авторы.

Саксафоншы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саксафоншы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Назира Бердалы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саксафоншы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері