Көктем, сені көргенде ән салмадым мен – Назира Бердалы

Бұл бетте «Көктем, сені көргенде ән салмадым мен» атты Назира Бердалы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.02.2020
  • 0
  • 0
  • 3655
Көктем, сені көргенде ән салмадым мен.
Бұрынғыдай...
Қырқаға шығып, құстарды қарсы алмадым мен.
Мұным қалай?
Кеудемді жарған алғашқы бәйшешек сезім
Қыстың ең соңғы кәріне ұрынбағай.
Көңілімде сыз.
Әйтеуір жылынбады-ай...
Көрмесем-дағы ешқашан шағаланы көктен,
Жыл құстарын күткем өзенде –
жағадағы көктем.
Жағады ма бүгін көңіліме, жаға алмайды ма,
Көктем келді міне, тағы да... қаладағы көктем.
Қала. Көктем. Түн.
Жасанды жұлдызы мәлім
Бастады тағы даңғаза, түнгі ұзын әнін.
Мен бардым-дағы балконнан:
«Көктем келді», – деп,
Қолдан егілген қызғалдақ гүлді үзіп алдым.
Түндегі мынау тірлікпен ұйқаспайды ойым,
Қараңғы құшақ, неліктен, түн, тастай қойның?
Мен бардым-дағы сол кезде күйсандығыма
Құстардың әні жазылған үнтаспа қойдым.
Жүрегім жалғыз. Жылусыз.
Жыр да өпкен емес.
Көңілімдегі көлеңкем – қырда өткен елес.
Көріксіз көктем болмайды, серпілейінші,
Көктем, мен сені сағындым!
Тек...бұл көктемді емес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем, сені көргенде ән салмадым мен өлеңінің авторы кім?

Назира Бердалы — осы өлеңнің авторы.

Көктем, сені көргенде ән салмадым мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем, сені көргенде ән салмадым мен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем, сені көргенде ән салмадым мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері