Бұл бетте «Ол кете барды» атты Назира Бердалы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ол кете барды.
Бұрылып қарамады да.
Өзіндей жанды
Жүрегім таба алады ма?
Шыныменен-ақ, шынайы махаббат деген
«Қарамаулардан осылай жаралады» ма?
Қызықтырмастан құбылыс мендегі бөтен,
Қарамады ол.
Көргісі келмеді ме екен?
Күлімдеп тұрғам.
Көңілім көктемдей еді.
Көктем келгенін ол сонда сезбеді ме екен?...
«Сезбейсің, жаным...» жас болып
арманым ақты.
Түн келді тағы, нән қала шамдарын жақты.
Көктем келген күн.
Қайтадан қар жауып жатты...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі