Өлең, жыр, ақындар

Мен саған қызығамын білесің бе ей!?

Мен саған қызығамын білесің бе ей!?
Өмір мынау өзектінің күресіндей
Жүресің еш уайымсыз бейқам ғана
Күлесің бақытың да түгесілмей.

Мінезің бар көрген көз жылынарлық
Өлең жырға құмарсың бұрыннан нық
Нақышына келтіріп орындайсың
Əр ақынның бір жырын жұлып алып

Өнерің бар бергісіз бақырға мың
Сен сонда да кезесің ақын маңын
Ұнап тұрып бəрі де…
Ұнамайды-
Ақын болам дегенің ақымағым

Қызғанғаны демегін қимағаным
Азапты іске
Заңдылық қиналарың
Ақын болып шығарсың баста бағы аз
Мəнсіз оймен жойылып иба- арың

Жапан түздің сая қып қу бұтасын
Бұл өмірден бал емес у жұтасың
Қаламыңды қияға қадап қойып
Қағазыңды жалау қып ту тұтарсың

Авторы: Аманбек Нұрболат М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік унтверситеті. Журналистика 1к,



Пікірлер (2)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - деген жазуды басу керек (жазудың үстіне). Қаламды басып өңдеуге болады.

Саят

Бунын авторы кым маган катты унады маган арналган екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз