Мажыра шақ – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Мажыра шақ» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1014
Сал жеңгенiң қойынындай
Қайнап тұрған құшағы.
Ыстық шағыл, пейiл қандай,
Мейiрлене құшады.
Жатсаң ерiп мажыра шақ,
Сәске түсте балбырап.
Қаласың-ау қалжырап-ақ,
Бал сезiмге албырап.
Сырлы шағым, шалқы тағы,
Шақыр, сезiм жетегi.
Қорғасындай балқытады
Ару жаздың төсегi.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері