Данабектің қылығы – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Данабектің қылығы» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1551
Данабек те кешеден,
Шығарды сөз таласын.
Көрдім деді көшеден,
«Пойыздың мен баласын».
Адасқан-ау шамасы,
Көшеде ол жүр деді,
Суреті оның қарашы,
Кітапта да тұр деді.
Күлді мәз боп бәрі енді,
Қызық болды мұнысы.
Таппақ болып дәлелді,
Басталды тың жұмысы.
Парақтаумен тұр бетін,
Айналысып ісімен.
Трамвайдың суретін,
Тапты кітап ішінен.
Бар көргенін далада,
Шын қабылдап тұрады.
Ұқтырмаған балаға,
Үлкендер ғой кінәлі.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері