Дала жыры – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Дала жыры» атты Серік Әкірамұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2119
Даланың жыр-әні,
Сыбдырлап құрағы.
Гүрілдеп өзені,
Сыңғырлап бұлағы,
Ән салып тұрады.
Қаңқылдап қаздары,
Қалықтап мәз бәрі.
Бұлбұлдың сайраған,
Төгілген сазды әні.
Оркестр секілді,
Күй тартқан жаздағы.
Ескен жел гуілі,
Араның дуылы.
Тыраулап тырналар,
Шегіртке шырылы.
Даланың әуені –
Тербетіп тұр үні.
Өрістен жамырар,
Әсем ән тағы бар.
Кісінеп тай-құлын,
Қозы-лақ маңырар.
Даламның әуені,
Осындай әні бар.
Тербеліп боз далам,
Бозторғай созған ән.
Бақасы барқылдап,
Боталар боздаған.
Даламның әуені –
Жан сырын қозғаған.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дала жыры өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Дала жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дала жыры өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дала жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері