Тағы ендің түсіме сен

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Жана алмастан жүректің оты керім
Мұздап бітті мұң тұнған көкірегім
Білесің бе?
тағы ендің түсіме сен
Біраз уақыт көрінбей кетіп едің

Жүрген кезде жанымда жақынырақ
Тұрушы еді шабыт та атылып- ақ
Жыр жазушы ем түсімде сені көріп
Қаламымды нұрыңа батырып ап

Жыр жазушы ем күлкіңді тыңдап алып
Жыр жазушы ем жанымды мұңға малып
Сүңгіп кете беруші ем тұңғиыққа
Көздеріңнен сырыңды ұрлап алып

Сырғып алға уақыттың дөңгелегі
Қанша уақыт өзіңді көрмегелі?!
Ғайып болып кеткен соң өң мен түстен
Өлеңім де кідірмей өлген еді

Күлкіңменен көрініп жаның əсем
Кеше ендің түсіме тағы да сен
Айып етпе… дегенмен мен өзіме
Музам десем бір сені жаңылмас ем

Ісім менен сөзімді айып көріп
Бəрін айтам деп тұрғам жайып дерлік
Кешірім де сұрауға үлгерпестен
Тағы асығыс жөнелдің ғайып болып

Болмастығын білемін мəңгі үміт көп
(Енбейсің де түсіме қаңғырып кеп)
Сұранамын! Ендігі кетіп жатсаң
Түсімдегі бейнеңді қалдырып кет


Пікірлер (1)

Айда

Мықты

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағы ендің түсіме сен өлеңінің авторы кім?

Нұрболат Аманбек-тегі — осы өлеңнің авторы.

Тағы ендің түсіме сен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тағы ендің түсіме сен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрболат Аманбек-тегі өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағы ендің түсіме сен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.