Өлең, жыр, ақындар

Сағыныш сазы

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 6198
Сағыныш сазы сен едің,
Ғашықтың бірі мен едім.
Армандай асыл ақ гүлім,
Өзіңді аңсап келемін.
Арманым неткен көп еді,
Асудай асу бел еді.
Жанымда ұйықтап жатсаң да,
Түсімде сені көремін.

Қысылып жаным, жүрегім күйіп,
Жүре алмаспын, жаным, сені өзгеге қиып.
Қарашы маған, күлімдеп көзің,
Жасыңды тыйып, жасыңды тыйып.
Біреулер келер, біреулер кетер,
Сонда, жаным, сен болмасаң қасымда егер.
Нұр шашқан күндер, жұлдызды түндер,
Бәрі де бекер.

Көзіңнен ыстық, жас тамар,
Көрмейді бірақ басқалар.
Таусылса жасың егер де,
Суалар мәңгі жас жанар.
Қыз көп болса да өмірде сұлу,
Бермейді бірақ жүрекке жылу.
Ал менің болса бар арманым,
Өзіңді, жаным, бақытты қылу.

Қысылып жаным, жүрегім күйіп,
Жүре алмаспын, жаным, сені өзгеге қиып.
Қарашы маған, күлімдеп көзің,
Жасыңды тыйып, жасыңды тыйып.
Біреулер келер, біреулер кетер,
Сонда, жаным, сен болмасаң қасымда егер.
Нұр шашқан күндер, жұлдызды түндер,
Бәрі де бекер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған жер

  • 0
  • 2

Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім,
Тентек ел талқысына тастап кеттім.
Болсам да шұбар жылан іштен шыққан,
Қарғамас деген сенім сақтап кеттім.

Толық

Қарға-ау

  • 0
  • 0

Ей, қарға-ау алтын жүзің айдан аппақ,
Жаныңнан шыға алмадым, ей, қарға-ау, айналақтап-ай!
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Өсірген жұмыртқадай, ей, қарға-ау, таза сақтап-ай!

Толық

Жаным, Жәкеш

  • 0
  • 0

Ұстағаным қолыма алтын қалам,
Еске түссе сөзіңіз, от боп жанам.
Жәкеш-ай, енді есен бол-ай!
Қызыл гүлдің бұлбұлсыз сәні жоғын,

Толық

Қарап көріңіз