Борай да борай қар жауса
- 0
- 1
Борай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!
Бұл бетте «Мінгені Исатайдың ақтабан-ай» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Борай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!
Бірсіндеп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Арғымақ, сені сақтадым,
Құлағың сенің серек деп.
Азамат, сені сақтадым,
Бір күніме керек деп.
Еңселігім екі елі,
Егіз қоян шекелі,
Жараған теке мүшелі,
Жауырыны жазық, мойны ұзын
Арғымақтың баласы
Аз оттар да, көп жусар —
Талаудан татқан дәні бар.
Азамат ердің баласы
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қайтіп
Қара нар керек біздің бұл іске.
мадина
Тамаша Тамаша
нурай
Оте тамаша
нурай
Оте тамаша
Дария
Өте керемет)*рахмет
ерасыл
керемет тагыда олендер болса
Ажар
Жақсы жазылған.күшті
Молдияр
Типти керемет кацта кайта окыгым келе берет
Айсара
Өте жаксы жазылған барлық өлеңдері адамды кызыктырып әкетеді
Акнур
ердин ерлиги ел есинде!
Жанар
Керемет өзең! Оқи бергің келеді... Бойға күш береді бір зор
Динара
Отееее керемет !!!!!
жансая
өте керемет өлең шумақтары
Аружан
Өте тамаша әсіресе Қызғыш құс өлеңі керемет мен Махамбет атамыздың өлеңлерін сүйіп тыңдаймын
Балауса
өте өте керемет
Раушан
керемет
Жанар
Күшті