Борай да борай қар жауса
- 0
- 1
Борай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!
Бұл бетте «Аймақ көл» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Борай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!
Бірсіндеп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Арғымақ, сені сақтадым,
Құлағың сенің серек деп.
Азамат, сені сақтадым,
Бір күніме керек деп.
Еңселігім екі елі,
Егіз қоян шекелі,
Жараған теке мүшелі,
Жауырыны жазық, мойны ұзын
Арғымақтың баласы
Аз оттар да, көп жусар —
Талаудан татқан дәні бар.
Азамат ердің баласы
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қайтіп
Қара нар керек біздің бұл іске.
гафар дина
керемет маган унады
Исабай Бактыбек
Оте зор сайт екен
исатай тайманұлы
зын сайт
Жақсы жазылған
Жақсы жазылған
Аккаунт не найден
Зоррр