Қош, аман бол

Бұл бетте «Қош, аман бол» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2808
Жасымнан болдым құмар, сәлем саған,
Күн бар ма дидарласар есен-аман!
Жалғанда сенсіз маған қызық бар ма,
Тілекке жететұғын туды заман.

Қайырмасы:
Әппақ етің қардай бар,
Қызыл бетің қандай бар.
Сен сәулеме ғашықтығым
Кеудемдегі жандай бар.
Ә-әй, сәулем, дәруен беу-беу,
Беу-беу-беу, қош, аман бол-ай!

Сағынып хат жазамын, алтын айым,
Бір минут сені ойламай тұра алмаймын.
Бота көз, үлбіреген ақша тамақ,
Киіктің ұқсатамын құралайын.

Қайырмасы:
Әппақ етің қардай бар,
Қызыл бетің қандай бар.
Сен сәулеме ғашықтығым
Кеудемдегі жандай бар.
Ә-әй, сәулем, дәруен беу-беу,
Беу-беу-беу, қош, аман бол-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қош, аман бол өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Қош, аман бол өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қош, аман бол өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қош, аман бол өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері