Сірә сенің сезімің өліп қалған – Бибіт Нұрмұхан

Бұл бетте «Сірә сенің сезімің өліп қалған» атты Бибіт Нұрмұхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кеткен едің өзгені бақытым деп,
Сенен жақсы. Мені шын сүйеді деп.
Бос сөзбенен алдайсың құрғақ уәде,
Ал оныкі шынымен шынайы деп.

– Дедің дағы бұрылып оралмадың,
Келер деген үмітпен алаңдадым.
Пәк сезімді өзіңе арнап жүрген,
Білесіңбе? Ешкімге сыйламадым.

Күзде өтті, қыс өтті көктем келді,
Барлық әлем жайқалып гүлденеді.
Бірақ менің өзіңе сақтап жүрген,
Пәк сезімім сол күйі өзгермеді.

Шуақ шашар нұрлы күн маған алдан,
Түсінбестік баяғы. Кінәламан.
Жүрегімнің дертінде сезбепсің ғой,
Сірә сенің сезімің, өліп қалған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері