Жеңіс күні – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Жеңіс күні» атты Ескен Елубаев жазған соғыс туралы өлең берілген.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 3
  • 25093
Мəңгi шықпас ел есiнен,
Жеңiстiң көрем бейнесiн мен,
Орденге толы, медальға толы
Əкелердiң кеудесiнен,
Желбiреген жалауынан,
Мəңгiлiк оттың алауынан,
Күлкiсiнен балалардың,
Шаттығынан аналардың,
Əр күннiң нұрлы келбетiнен,
Гүл жайнаған жер бетiнен!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

Мажитова санжар

Рахмет өте жақсы олен

Асал

Өте жақсы дамыған өлең бул өте жақсы рақмет сізге

Асал

Жақсы өлеңдері

Осы автордың басқа өлеңдері