Інімнің аңқаулығы – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Інімнің аңқаулығы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1337
Монтер ағай келдi де,
Бағананың қасына.
Үзiк сымды көрдi де,
Өрмеледi басына.
Əлi өрмелеп барады,
«Ту басына жетем», – деп.
Қарап тұрмыз ағаны,
«Құламаса екен», – деп.
Шыбық атпен шапқылап,
Келдi мұнда iнiм де.
Сөйлеп тұрды ол аптыға
Бағананың түбiнде:
– Аға, мынау кiм өзi,
Құламай ма бұл кенет?
Қызық екен мiнезi,
Онда ұя iздеп жүр ме? – деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Інімнің аңқаулығы өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Інімнің аңқаулығы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Інімнің аңқаулығы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Інімнің аңқаулығы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері