Әңгіме – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Әңгіме» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1870
Каникулда көргенiн
Бəрi де айтып жатқан-ды.
Сонда Болат ер көңiл
Бəрiмiзге мақтанды.
Келемеждеп ойнап та:
«Болат жалқау», – десек те,
Каникулда ол қой баққан,
Мiнiп алып есекке.
Болат жайсаң жайлаумен
Достасып-ақ кетiптi.
Қора қойды айдаумен,
Каникулы өтiптi.
Болат бiздiң бiр күнi
Мылтық алып жатыпты,
Ұстапты қу түлкiнi,
Қасқырды да атыпты.
Бiрде адасып кетiптi,
Атасымен тұманда.
Əзер үйге жетiптi,
Сендiк бiздер бұған да.
Қатты шаршап өздерi,
Болдыртыпты қойларын.
Шүңiрейген көздерi,
Суық алған бойларын.
Үш күн шарлап алапты,
Адасқаны шын анық.
– Сонда қайдан тамақты,
Iштiңдер? – деп сұрдық,
Болат түйiп қабақты
Сасып қалды күйбеңдеп:
– Тамақты ма? Тамақты...
Iшiп тұрдық үйден кеп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әңгіме өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Әңгіме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әңгіме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әңгіме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері