Жағалауда – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Жағалауда» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1708
«Ақ тас, қара тас,
Құлағымның суын аш!»–

Деп секеңдеп балалар,
Алақанын соғады.
Еңкейіп те,
Тағы олар
Құлақтарын қағады.

Шашын желге таратып,
Қызықтап көл суретін,
Қайрақ тасты жалатып,
Билетеді су бетін.

Жарыстырып құлашты,
Тас атуға тоймайды.
Қызықтырып су асты,
Қайта жалақ ойнайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жағалауда өлеңінің авторы кім?

Бақыткерей Ысқақ — осы өлеңнің авторы.

Жағалауда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жағалауда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақыткерей Ысқақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жағалауда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері