Маңғыстау – Мылтықбай Ерімбетов

Бұл бетте «Маңғыстау» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2302
Баяғы меңіреу дала ма?!
Жо-жоқ, олай санама!
Жүйткиді состав далада-
Өзің-ақ содан шамала.

Қай жаққа, мейлі, қарама,
Ақ шаңқан үйлер – шағала.
Жаңаөзен, Ақтау, Жетібай,
Шетпе мен Бейнеу ... ғана ма?

Талайдың қаны төгілген,
Талайлар кеткен өмірден.
Тарихтың көне беті – ол,
Тағдыры елдің көрінген.

Көненің күйін шертпе, біл!
Ертегі өңір, ерке өмір.
Мұнайын құйған Отанға,
Маңғыстау деген өлке бұл!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері