Шынымды айтсам – Мылтықбай Ерімбетов

Бұл бетте «Шынымды айтсам» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2720
Айдын көлдің аққуы,
Қонған кезде барсам ба?
Аяз қысып, гәккуі –
Тоңған кезде барсам ба?!

Көктемдегі қызғалдақ,
Гүлдегенде барсам ба?
Әлде солып, ол қурап,
Күз келгенде барсам ба?

Жазғы жаңбыр дариядай,
Көлдегенде барсам ба?
Бір жұтым су таба алмай,
Шөлдегенде барсам ба?

Таң самалы мазасыз,
Ескен кезде барсам ба?
Ауыл түгел, шамдарсыз,
Өшкен кезде барсам ба?

Түн бүркеген жалқы тал,
Иілгенде барсам ба?
Кедергі боп әр бұта,
Түйілгенде барсам ба?

Деп түсімде, аңсаған,
Ауылыма барыппын.
...Шынымды айтсам, мен саған,
Ғашық болып қалыппын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шынымды айтсам өлеңінің авторы кім?

Мылтықбай Ерімбетов — осы өлеңнің авторы.

Шынымды айтсам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шынымды айтсам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мылтықбай Ерімбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шынымды айтсам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері