Жылқы дүбірі – Қуанәлі Алмасбекұлы

Бұл бетте «Жылқы дүбірі» атты Қуанәлі Алмасбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2110
Үйірлі жылқылар жосыған суатқа,
Моцарттың күйіндей дүбірі құлақта.
Қуырылып тұяққа, жұмыр бел бүгіліп,
Қара жер қаймығар тастары үгіліп.
Арқырап айғырлар, ойнақтап бедеулер,
Шаңдарға бөгетін жусанды белеңдер.
Қаншырдай жараған тілдері буылып,
Алысқан жүйріктер денесін бу ұрып.
Бәйбіше секілді аяғын паң басқан,
Мама бір биелер найқалып жалды асқан.
Қылықты қыздардай қиқуға елеңдеп,
Қысырақ құтырған желкесін жал басқан.
Үйірлі жылқылар жосыған суатқа,
Моцсарттың күйіндей дүбірі құлақта.
Пайғамбар мінетін жұмақтың пырағы,
Тұратын жел тербеп қайшылап құлағын.
Сарбаздар ер салар таң қылаң бергенде,
Сақтардың дүлдүлі тұр менің кермем де.
Атойлап шабатын жер үшін, ел үшін,
Жастыққып жататын жыртылған жең үшін.
Жортатын алыс бір сапардан сапарға,
Жануар жүйріктің жел қақпас терісін.
Майданға аттанған ерлердің тағдыры,
Аманат Аллаға, аманат атына;
Дейтінде абыздар жанарын сулайтын,
Алыста айғай-шу, ұрандар тынбайтын.
Алтай мен Еділді ай басса арымас жүйрігім,
Қорғаған қорғандай бабамның билігін.
Төгілген жаңғырып сан күйдің ариясынан,
Өтетін ендей бір Іле дариясынан,
О, жылқылар, көшпелі рухысың,
Ал Қазақ ұлт үшін бостандық кілтісің.
Үйірлі жылқылар жосыған суатқа,
Моцсарттың күйіндей дүбірі құлақта!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылқы дүбірі өлеңінің авторы кім?

Қуанәлі Алмасбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Жылқы дүбірі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылқы дүбірі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуанәлі Алмасбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылқы дүбірі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері