Кемеңгер көңілі – Рабиндранат Тагор

Бұл бетте «Кемеңгер көңілі» атты Рабиндранат Тагор жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1658
"Уа, жомарт Жер! - деді бірде Нарада,
- Ақылынан алжасты ғой бар адам.
Өздерінше шеттерінен бір керім,
Саған тіпті тигізеді тілдерін.
Шіріген бір ұяға сені балайды,
Балайды да, жиіркене қарайды,
Айырсаңшы астан, судан, наннан шын,
Ашықсын да Ұлылығыңды аңтарсын!"
Жер былай деп жауап берді:
"Жанымды ұқ
Ондай жаза - емес бауырым, әділдік.
Не қыламын бейпіл сөзді тиям деп,
Маған әсте одан келер зиян жоқ.
Ең алғашқы, ең ақырғы рет те
Емес қой бұл!
Артып қайтем құр өкпе!
Егер сол сәт қабақ түйсем бұлтартпай,
Ақымақтар кетеді өліп, тіл тартпай!"


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кемеңгер көңілі өлеңінің авторы кім?

Рабиндранат Тагор — осы өлеңнің авторы.

Кемеңгер көңілі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кемеңгер көңілі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Рабиндранат Тагор өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кемеңгер көңілі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері