Кесірткенің қаңқасы
Сүйіспеншілікті Бауырлар,
алдымызда алмағайып бір зат тұр:
кесірткенің әбден тозған қаңқасы.
Қымбатты Достар,
сол жақта – құйрығы, шетсіз шексіз созылған,
оң жақта – мойны, басқа жаққа бұрылған.
Құрметті Жолдастар,
ортасында, дәу қарынның астында – төрт табан,
шайқалыстан майысқан –
Мәртебелі Азаматтар,
табиғат қателеспейді, әзілдегенді ұнатады,
мына күлкілі басқа назар салыңыздар –
Ханымдар мен мырзалар,
мұндай бас алдын ала ойлауға дәрменсіз,
сондықтан да ол құрып тынған –
Жоғары Жиналыс –
мидың аздығы, аранның алапаттығы,
данышпан үрейден ақымақ қиялдың көптігі –
Лайықты Қонақтар,
бұл жағынан келгенде, өзімізде еш мін жоқ,
өмір керемет, ал жеріміз біздің –
Қадірменді Демғаттар,
жұлдызды аспан
ойшыл құрақтың үстінде, бірақ
ізгілік заңы соның өзінде –
Теңдессіз Комиссия,
мұндай тек бір рет қана іске асқан,
бәлкім, осы бір жалғыз күннің астында.
Кеңес төріндегілер!
қандай епті қолдар, қандай
шешендік сөздер, қаншама
бастар шықтырлағы –
О, Жоғарғы Инстанция,
құйрықтағы қандай жауапкершілік?!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі