* * * – Жүрсін Ерман

Бұл бетте «* * *» атты Жүрсін Ерман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2020
  • 0
  • 0
  • 6151
Тағдырдың болмаған соң қожасы адам,
Бермейміз ертелі-кеш маза саған.
Басымды тауға да ұрдым, тасқа да ұрдым–
Бармақтай бақ берші деп, о, жасаған!
Бармақты қазақ өзі тапқан ба ойлап,
Берді Алла бармақ түгіл, батпандай бақ.
Басыма қонған бақты үркітіппін
Беліме шамам келмес шоқпар байлап.
Шарықтап қиялымның ұшқан құсы,
Төгілді маңдайымнан мыс тамшысы.
Бүйірден мезгіл-бақсы иіргенде
Алтын боп асығымның түсті алшысы.
Болам деп жылқылы бай, ақшалы бай,
Обал– ау тілемсек боп жатсақ ұдай.
Көзіме қанағатсыз құм құйылар,
Ынсап бер пейіліме, патша құдай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

* * * өлеңінің авторы кім?

Жүрсін Ерман — осы өлеңнің авторы.

* * * өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

* * * өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жүрсін Ерман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

* * * өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері