Қажығұмар Шәбденұлы – Жүрсін Ерман

Бұл бетте «Қажығұмар Шәбденұлы» атты Жүрсін Ерман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2665
Жат жерде жан табылмай сөзін ұғар,
Қытайда көзін жұмды Қажығұмар.
Солығын баспай кетті сорлы жүрек,
Жүректің сонша кімге жазығы бар?

Жетпеді туған жерге. Жеткізбеді,
Шекара шарбағынан өткізбеді.
Елінің бүйрегі-ай бүлк етпеген,
Ұяттан өртенеді бет біздегі.

Тауысып түрмелерде бар қайратын,
Сексен жыл сағыныштан сарғайды ақын.
Тарықса көк бөрідей ұлығанмен,
Зарықса кімнің атап қарғайды атын?!

Қадамы кері кетсе басқан алға,
Демедік – жанарыңды жасқа малма.
Талаптың тауы қайтіп шағылмасын,
Туған ел айналған соң тас қамалға?!

Сексен жыл суымады жалыны іштің,
Сексен жыл жуымады жанына ешкім.
Құшағын айқара ашып Ажал ғана.
Құтқарды түрмесінен сағыныштың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қажығұмар Шәбденұлы өлеңінің авторы кім?

Жүрсін Ерман — осы өлеңнің авторы.

Қажығұмар Шәбденұлы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қажығұмар Шәбденұлы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жүрсін Ерман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қажығұмар Шәбденұлы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері