Күн батарда – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Күн батарда» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1791
...Көгіс тартып тұр безеріп қыр үсті,
Қоя аурудан айықпаған баладай.
Кәрі шыңдар бір-біріне суысты,
Суық сәуле кезіп жүрді жағалай.

Тау әжімі терең тартып барады,
Бір ұлылық тұрды жұртқа білінбей.
Сайдың бетін жеңіл мұнар жабады,
Бір ғажайып жасыл көлдің түбіндей.

Мұнартты тау, қалғыды ма ол анық,
Шаршатты ма таскөмір-бұлт жаныштап?
Аспан, міне, келді төмен таянып,
Шың барады бірте-бірте алыстап.

Алыстағы трактордың гүрілі
Тауға соғып, тас кесектей кұлады.
Түсті иыққа Алатаудың бұрымы,
Сыңғыр етті ақ бұлақтың құлағы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн батарда өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Күн батарда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн батарда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн батарда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері