Өлең, жыр, ақындар

Күн шыжып тұр… бұлт келеді жөңкіліп

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1897
Күн шыжып тұр… бұлт келеді жөңкіліп,
Бір салқындық болғай деймін мен тұрып.
Бүкіл алап шыр еткендей болады
Тиіп кетсе ботинкаңның табаны.
Күн күйіп тұр... тіл жабысып таңдайға,
Шаш көлеңке бола алмады маңдайға.
Ауыр екен шілде айының бұ шағы,
Секілді алап ақ жалынның құшағы.
Дыр-дыр еткен қызыл қанат шегіртке
Бір-бір түйір қызыл шоқ боп ұшады.
Дәл осы сәт шыңға қонды сұр бұлт кеп,
Ақ шың оны шынтаққа алды бір бүктеп.
Бұлқынды бұлт, кете алмады жұлынып,
Көлеңкесі қалды маған ілініп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлақ ағып барады жұмарланып

  • 0
  • 0

Бұлақ ағып барады жұмарланып,
сорлы көңіл үмітке жүр алданып:
Не жоғалтып біреуді — аңсай алмай,
не құша алмай біреуді құмарланып.

Толық

Ақ түс

  • 0
  • 0

Ақ деген не?
Қиянаттан, тепкіден
аман шыққан Ардың түсі деп білем.
Сәл кірлесе күймен жуып жанымды,

Толық

Қауыз

  • 0
  • 0

Міне, масақ — дұрыс сынды түр-түсі,
күміс сын-ды күлкісі:
Қауыз, қауыз!
Сылдыры бар, жоқ дәні,

Толық