Шахта туралы есте қалғандардан – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Шахта туралы есте қалғандардан» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 2175
Еске алып ем:
Қарағанды бір қараған секілді
күйе басқан кірпіктерін сәл ашып.
Содан кейін… менің қоңыр бетімді
Сүйді желі күн нұрымен таласып.

Әр тасынан бір-бір ұшқын жүр ыршып,
қарашы, анау породаға үйілген:
Қара таулар қайғыдан да тымырсық,
әлсін-әлсін түтін құсад ыңырсып.

Мұның бәрі сөзбен айтсаң – тыныштық
көзбен көрсең?..
О, түсінем, түсінем:
Қарағанды кайнап жатыр, бір ыстық,
бір керемет жүректердің күшімен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шахта туралы есте қалғандардан өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Шахта туралы есте қалғандардан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шахта туралы есте қалғандардан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шахта туралы есте қалғандардан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері