Ақ пен қара арасы – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Ақ пен қара арасы» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 5527
Мәңгілік арпалысқан ақ пен қара,
Өмір осы дейміз-ау, қаққа жара,
Анықтап білгің келсе мұның мәнін,
Мен, сенді қой, бейтарап жақтан қара.
Біреуге қап-қара ғой сенің ағың,
Көрдің бе оймен кезіп елдің бағын?
Бағалағың келеді сөйте тұра,
Таразыға тартады тіл мен жағың.
Сыймайды-ау кең дүние қылжағыңа,
Оған өтпес өкімің, мұң, зарың да,
Тағдыр, тарих көнер ме өлшеміңе,
Табақтың өзің тұрсаң бір жағында?!
Жүктелген жұмбақ адам баласына,
Сан ғасыр салмақ салып санасына,
Қайнаған қанбазардай нағыз өмір,
Жатыр – ау ақ пен қара арасында!
Адамға мәңгі жұмбақ мұның мәні,
Қақ жарылу – қайшылық ұғымдағы,
Ақ та емес, қара да емес, бұл дүние,
Құлпырған табиғаттай құбылмалы.
Бояулар алуан түрлі, бәрі сәнді,
Құбылып, араласып, табысады,
Елеусіз екі араның қай тұсында
Қара аққа, ақ қараға ауысады?
Шалқыған сезім күйі ақыл даусын,
Естіртпей, елірткенде батылдаусың,
Ішінде өмір деген мың бояудың,
Ойлап көр, қай жағына жақындаусың ?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ пен қара арасы өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Ақ пен қара арасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ пен қара арасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ пен қара арасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері