Өмірді сүйсең – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Өмірді сүйсең» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1870
Өмірді сүйсең,
Өмір де сені сүйеді,
Тегін бе бәрі,
Сезіне білсең, киелі,
Жол ұзақ алда,
Аяңдай басып жүре бер,
Домбыра сөйлер,
Кеткенше тайып тиегі.
Өткен күн болса
Секілді бір сәт, қас-қағым,
Келер күн алыс,
Болжау да қиын қатпарын,
Шуағын төгіп,
Тұрғанда аспан төбеңде,
Бекер деп бәрі,
Жетер деп уақыт саспағын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірді сүйсең өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Өмірді сүйсең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірді сүйсең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірді сүйсең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері