Көзбояу – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Көзбояу» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1107
Ұнап қалса,
Біреудің бір сөзіне.
Құлаймыз кеп,
Қарамай қырт, езіне,
Жақсы болып
Көріне білетіндер,
Жылтырайды, амал не,
Жұрт көзіне.
Еседі,
Бөседі кеп жиындарда,
Ұқсайды
Қызыл, ала құйындарға,
Көзіңді
Арбайды кеп жылтырақпен,
Алтын, жезді айырар
Миың қайда ?!
Қаратып ауызына,
Бар халықты,
Дәріптеп өз керегін,
Жар салыпты...
Неліктен алданамыз
Көз бояуға,
Құмармыз
Сөзге неге соншалықты?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көзбояу өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Көзбояу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көзбояу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көзбояу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері