Жоғалған білім – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Жоғалған білім» атты Баянғали Әлімжанов жазған білім туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1243
Білгендер кетіп,
Қаншама білім жоғалған,
Аңызақ – уақыт...
Ақыл-ой кені тоналған,
Бір кезде жұрттың
Бәріне мәлім нәрселер,
Жаңалық болып,
Бір күні қайта оралған.
Тоқтаусыз тарих,
Кейде асау, кейде жай ағыс,
Даналық ойлар,
Адамға жарық, таяныш,
Жоғалған уақыт,
Жоғалған бақыт сияқты,
Жоғалған білім,
Тағдыры қандай...
Аяныш...
Асудан биік,
Біліммен ғана асады ер,
Жоғалған білім,
Оралар тағы,
Тосады ел...
Бір түйір болсын,
Тапқаның болса, қайтып бер,
Бір тамшы болсын,
Айдынға қайта қоса гөр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоғалған білім өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Жоғалған білім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жоғалған білім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма білім туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жоғалған білім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері