Тау бұлағы – Оразақын Асқар

Бұл бетте «Тау бұлағы» атты Оразақын Асқар жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 31.05.2020
  • 0
  • 0
  • 3121
Қайнарың шың басында,
Қиялдағы мекендей.
Ақ қар жатыр қасында,
Суыңа еріп шекердей.

Күнде саған бұрылар,
Нұрра бөлеп бар маңды.
Қайнар, нөсер, сүрі қар –
Толтырады арнаңды.

Атаны еске салады
Сарқырама «сақалың».
Сергітіп ой-сананы,
Жағаңда аунап жатамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері