Ұшық

Бұл бетте «Ұшық» атты Ықылас Ожайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1182
I
...Әрбір істе қазақ исі аңқығанын,
Тірлікте көзімізбен көреміз бе?..
(Ғ. Қараш)

Шіркін-ай!
Ойлай беру ойға да ауыр,
Ойлантпай ойсыздарды қойды-ау өмір,
Кеше менің ішіме торай түнеп,
Сол торай доңыз болып шықты бүгін.
Содан менің танауым тарс бітеліп,
Шырқырап шыбын жаным шықты білем,
Ұжданыма доңыздың демі тиіп,
Ұятынан ұшынған ұлттың бірі ем.
Әй, қайран, Қазақия-ай арды білген,
Аппақ ар ащы суға жанды білем,
Күлінен күлімсі иіс ұрпақ өсіп,
Ғұрпыңды буындырған қолды көрем.
Ұшындым не себептен ұшық шығып,
Ұшығым ұлтсыздықтан болды білем.
Салайын сал десеңіз ащы (ашты) әніме,
Біздің де қариядан қашты әңгіме.
Құдай-ау, уәлі ауыз сақал қайда?
Қайғысы түннен қара, күннен ыстық
Бұл да өзі басты әңгіме,
Бұған жұрт «нұрсәулені» кінәлайды,
Ол өзі...
Өз алдына басқа әңгіме.
Маңайым қызыл танау тердің иісі,
Айналған асқазанға көздің іші.
Обал да оралады от боп анық,
Көз жастың дөңгеленіп ағары хақ,
Иә, әлгі... дүние кезек
Бәріне әмір етер жоғарғы Хақ.
Адамдық айуанатқа ғапылданса,
Қайырылып қара жұртты табары хақ.
Санам-ай Сақтан қалып сансыраған,
Ғұрпым-ай Ғұннан қалып қансыраған.
Құдайым, құлдық ұрдым бір өзіңе
Құтылар құдірет бер бұл «тажалдан».
Қанымды қаламсапқа сертке байлап,
Арыңды ақ қағазбен ұшықтайын.
Не істейін
бұдан өзге енді саған,
Қазақия...?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұшық өлеңінің авторы кім?

Ықылас Ожайұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұшық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұшық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ықылас Ожайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұшық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері