Бөбегім-ау – Гүлжауһар Сейітжан

Бұл бетте «Бөбегім-ау» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1487
Бөбегім-ау,
Жатырсың ба балбырап...
Ұйқтағанша әлде жылап,
Қалжырап...
Сеземісің отырысын анаңның,
Қалып сенсіз бүкіл әлем,
Сән жырақ...
Мамаңды іздеп,
Бал ұйқыңды аштың ба...
Мамаңды ойлап жанарыңа жас тұнды, ә.
Жалғыз рет шомылуға зар болған,
Құртақандай кеудеңдегі тасқынға...
Тықыр шықса есік жаққа елеңдеп,
Ойнады ма сағыныш боп денеңде от...
Ақтар,
Ақтар, альбомдарды,
Құлыным,
Альбомдарда мамалар жоқ менен көп...
Ұнамай-ақ өзгелердің сый ісі,
Бұрынғыдай болмай жүр ме үй іші...
Күрсінді әкең
Қымбат болды, – деп, – иә,
Үйде қалған көйлегіңнің иісі...
Сәби жүрек сүйе алмаса жаңылыс,
Менде де жоқ сенен қымбат,
Жаным, еш...
Ұлы өмірге құлшындырып тұрған да,
Сенің құйттай кеудеңдегі сағыныш.
Сенің құрттай тіршілігің,
Барлығың,
Білдіртпейтін дүниенің кең,
Тарлығын.
Әрбір күнім сені ойлаудан басталып,
Аяқталар сені ойлаумен әр күнім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөбегім-ау өлеңінің авторы кім?

Гүлжауһар Сейітжан — осы өлеңнің авторы.

Бөбегім-ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бөбегім-ау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлжауһар Сейітжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөбегім-ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері