Аманат

Бұл бетте «Аманат» атты Толқын Қабылша жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1636
Азаттық аңсап ақ таңнан,
Ах ұрып жеткен аманат.
Өтінде желдің сақталғам,
Өткенге енді салауат!

Талай да талай от кештік,
Тәу етіп тұрып жалғанға .
Тәңірдің өзін жоқ дестік,
Тағдырым басқа салғанда.

Тақсіретінде зар-мұңның,
Таптаурын болып басылып.
Тастүлектейін сан ұлдың,
Сүйегі қалды шашылып.

Тартса да талай тауқымет,
Тарихтың ұлы көшінде.
Тағдырым менің жаужүрек,
Тұлпар боп шапқан төсіңде.

Тәу етем бүгін Тәңірге,
Тәуелсіздігім- байлығым!
Тәубесін айтқан өңірге,
Төгеді күн мен ай нұрын.

Көк жүзін құшып, қалықтап,
Қыран боп қанша самғадым.
Құдірет құйған қалып па?
Қанағатымнан танбадым .

Бойтұмарымдай туған тіл,
Баянды бақтың өлшемі
Болсыншы дәйім туған ел,
Егемендігің еңселі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аманат өлеңінің авторы кім?

Толқын Қабылша — осы өлеңнің авторы.

Аманат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аманат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Толқын Қабылша өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аманат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері