Менің халқым қашаннан ұлы болған – Төлеген Айбергенов

Бұл бетте «Менің халқым қашаннан ұлы болған» атты Төлеген Айбергенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 18635
Менің халқым қашаннан ұлы болған,
Менің кеудем қашаннан жылы болған.
Соғыс өртін қоздатқан дауылдардан,
Қақсатқан ауыр зардан,
Көкірегімде бостандық жыры қалған.
Менің халқым ұлыны аз туған ба,
Басқалардай басында жаз тұрғанда.
Олардың да дауысы жетер еді,
Бұл ғасыр құлағына
Бірақ бұған ұлылар кінәлы ма?
Бұның үшін жылдардың өкпесіне
Қандай адам кепілдік берер еді.
Дауысы олардан бүгінге жетпесіне
Қаншама жұлдыз туды ол,
Жарқырар көк төсінде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің халқым қашаннан ұлы болған өлеңінің авторы кім?

Төлеген Айбергенов — осы өлеңнің авторы.

Менің халқым қашаннан ұлы болған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің халқым қашаннан ұлы болған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Төлеген Айбергенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің халқым қашаннан ұлы болған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері