Шешім – Маралтай Райымбекұлы

Бұл бетте «Шешім» атты Маралтай Райымбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 3820
Жұлдыз ақты.
Жұлдыз ақпай тұра ма?!
Тағы бір жан нүкте қойып күнәға...
Аманатын сұрап келсе,
Артына
Тастап кеткен ешкім жоқ қой мұраға.
(Өзімді айтам!) тыныш мекен таппағыр,
Иманымен ойнап отыр қақпақыл.
Ағып түскен жұлдыздарға қызығып,
Ақшам кіріп намаз оқыр шақта бұл.
Ажал келсе Алла берген жүлдедей,
Есіл өмір есігі ашық түрмедей.
Өлім жайлы ойлай берем, неге осы,
Молаға әкеп көмбей кеткен мүрдедей.
Жалғыз шырақ күлімдейді Күнмін деп,
Акқан жұлдыз күбірлейді.
Білгім кеп —
Бүкіл ғалам сыйып кеткен кітаптан,
Қашып шығып алдыңызға тұрмын кеп.
Көкке қарап,
Жерге қарап...
О, бәрін —
Сезіп қояр жүрегіме — обалым.
Бір тілегін сіз де бір күн тыңдарсыз
Жұлдыз ақса қуанатын баланың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шешім өлеңінің авторы кім?

Маралтай Райымбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Шешім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шешім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Маралтай Райымбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шешім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері