Ымырт – Маралтай Райымбекұлы

Бұл бетте «Ымырт» атты Маралтай Райымбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 1
  • 3598
Түн мекені түнекке,
Серік таппай бойлаған.
Біздің ғазиз жүрекке,
Жұлдыз шашып ойнаған.
Кексе дүние түр үнсіз,
Көкке сүйреп көңілді.
Қалатындай ғұмырсыз,
Санам санға бөлінді.
Құстың тынып шырылы,
Жаным аңсап, егіліп.
Қайыңдардың бұрымы,
Жүрегіме төгіліп.
Біз ұқпаған жалғанның,
Сіз табарсыз шешімін.
Қағып, күтіп қалған кім,
Ескі өмірдің есігін?!!


Пікірлер (1)

Б

Мен жарысқа барайын деп жатырмын.осы кісінің өлеңдерін жаттап

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ымырт өлеңінің авторы кім?

Маралтай Райымбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Ымырт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ымырт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Маралтай Райымбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ымырт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері